Accessibility links

Иран түрмесіндегі АҚШ азаматтары босатылды


Иран түрмесінде отырған Шейн Бауер мен Джош Фатталдың суреті. Ақпан 2011 жыл.
Иран түрмесінде отырған Шейн Бауер мен Джош Фатталдың суреті. Ақпан 2011 жыл.
Иран мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Иранда тыңшылық жасады деп айыпталып, сегіз жылға қамалған екі америкалық азамат кепіл ақшаға азат етілген.

Пресс ТВ арнасының мәліметінше, Тегерандағы аппеляциялық сот 28 жастағы Шэйн Бауер мен 29 жастағы Джош Фатталдың әрқайсысын 500 мың АҚШ доллары көлемінде кепіл ақшаға босату туралы шешім шығарған.

Ирак тауларында қыдырып жүріп Иранға өтіп кеткен Бауер, Фаттал және тағы бір америкалық азаматша Сара Шоурдты осыдан екі жыл бұрын шілде айында ирандық шекарашылар ұстаған болатын.

Сара Шоурд өткен жылы жарты миллион доллар кепіл ақшаға босатылып, АҚШ-қа қайтқан еді. Оның ісі әлі жабылмағаны айтылған.
XS
SM
MD
LG