Accessibility links

Назарбаев: Қазақстан Палестина мемлекетінің құрылуын қолдайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қолдайды. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 66-шы сессиясында мәлімдеді деп хабарлайды "Итар-ТАСС" агенттігі.

Назарбаевтың айтуынша, көп азап шеккен Палестина халқының , сол сияқты Израильдің келіссөз процессі 50 жылдан астам уақыттан бері жалғасып келеді.

"Палестина мемлекетінің тәуелсіздігісіз Таяу Шығыста тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес", - деді Назарбаев.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас мемлекет мәртебесі туралы науқанын ресми түрде жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясында жарияламақшы.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов палестиналықтардың бұл ұмтылысын Ресей қолдайды деп мәлімдеді.

АҚШ пен Израиль палестиналықтардың БҰҰ-ға мүше болуға ұмтылыстарынан бас тартып, оның орнына тікелей Израиль-Палестина келіссөздерін қайта бастауын қалайды.
XS
SM
MD
LG