Accessibility links

Махачкалада екі жарылыстан 21 адам жараланды


Бомба қойлыған автокөліктің жарылыстан кейінгі қалдығы. Махачкала, 11 шілде 2010 ж.

Бомба қойлыған автокөліктің жарылыстан кейінгі қалдығы. Махачкала, 11 шілде 2010 ж.

Дағыстан астанасы Махачкалада бүгін түнде болған екі жарылыстан кемінде 21 адам жараланған, олардың 17-і - полиция қызметкерлері. Бұл туралы ақпарат құқық орындарынан алынды деп хабарлайды ресейлік "Новости" агенттігі.

Жарылыс салдарынан бір полиция қызметкері қаза болған деген ақпарат әзірге анықталып жатыр.

Алғашқы жарылыс бүгін түн жарымында Махачкаланың орталық алаңынан бірнеше жүз метр жерде, арада ширек сағат уақыт өткенде тағы сол ауданда екінші рет жарылыс болған.

Полиция жарылыстардың екеуінде де жарылғыш зат сол маңда тұрған автокөліктердің астына орнатылған болуы мүмкін деген жорамал айтады.
XS
SM
MD
LG