Accessibility links

Обама: Палестина мемлекет құруды Израильмен келіссөздер арқылы шешкені жөн


АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 21 қыркүйек 2011 ж.

АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 21 қыркүйек 2011 ж.

АҚШ президенті Барак Обама сәрсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде, Палестина басшылығын елдің тәуелсіздігіне қатысты мәселені Израильмен келіссөздер арқылы шешуге көндіруге тағы бір талпыныс жасады.

Палестина мемлекетін құруға қатысты мәселе Израильмен келіссөздер арқылы шешілгені жөн деді Барак Обама.

Бұған дейін Ақ үй әкімшілігі палестиналықтарды БҰҰ-ға мүше болуға ұмтылыстарынан бас тартуға шақырып, АҚШ бұл мәселе бойынша БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қоятынын ескерткен еді.

Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас мемлекет мәртебесі туралы өтінішін ресми түрде жұма күні БҰҰ Бас ассамблеясында жарияламақшы.

Кеше БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қолдайды деп мәлімдеді.

Оған дейін Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов палестиналықтардың бұл ұмтылысын Ресейдің қолдайтындығын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG