Accessibility links

Аргентина Ираннан террористерді беруді тағы талап етті


Еврей мәдени орталығының террорлық жарылыстан кейінгі қирандысы. Буэнос-Айрес, 18 шілде 1994 жыл.
Еврей мәдени орталығының террорлық жарылыстан кейінгі қирандысы. Буэнос-Айрес, 18 шілде 1994 жыл.
Аргентина президенті Кристина Киршнер Иранды осыдан 17 жыл бұрын Буэнос-Айрестегі еврей мәдени орталығында шабуыл жасағандарды беруге шақырды. Президент Киршнер Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген еді.

Аргентина Ираннан аталған террористерді беруді 2003 жылдан бері талап етумен келеді.

Буэнос-Айресте 1994 жылы шілденің 18-і болған жарылыс салдарынан 85 адам мерт болып, үш жүзден аса кісі жараланған еді. Тергеушілер бұл жарылысты "Хезболлах" тобының бүлікшілері жасаған деп санайды.

Аргентина сол террорлық шабуылға қатысы бар деп Иранды айыптайды.
XS
SM
MD
LG