Accessibility links

Йемендегі қақтығыстарда 16 адам мерт болған


Билікке қарсы шеру кезіндегі қақтығыстарда қаза тапқандарды жерлеуге жиналған жұрт. Сана, Йемен, 21 қыркүйек 2011 ж.

Билікке қарсы шеру кезіндегі қақтығыстарда қаза тапқандарды жерлеуге жиналған жұрт. Сана, Йемен, 21 қыркүйек 2011 ж.

Йемен астанасы Сана қаласында сәрсенбі күні президент Әли Абдолла Салехті қолдаушылар мен оның биліктен кетуін талап еткен оппозиция арасында қақтығыстардан кемінде 16 адам өліп, 50-ден аса кісі жараланған.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, үкімет күштері осыған дейінгі қақтығыстарда қаза болғандарды жерлеуге келгендерге қарсы оқ атқан. Халықаралық Қызыл крест ұйымы Йемендегі «бұрын-соңды болмаған көлемдегі зорлық-зомбылыққа» байланысты алаңдаушылық білдірді.

Жексенбіден бері Йеменде қақтығыстар барысында қаза болғандардың саны 80-ге жеткен.
XS
SM
MD
LG