Accessibility links

Қытайда су тасқынынан ондаған адам құрбан болды


Сычуань провинциясында тұрғындар су басқан үйлерін тастап шықты. Қытай, 19 қыркүйек 2011 ж.
Сычуань провинциясында тұрғындар су басқан үйлерін тастап шықты. Қытай, 19 қыркүйек 2011 ж.
Қытайда осы айда нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласып, соның салдарынан 90 адам құрбан болды. Табиғи апат кезінде хабар-шарсыз кеткен 22 кісі әлі табылмай жатыр.

Қытайдың азаматтық істер жөніндегі министрлігінің деректері бойынша, су тасқыны кесірінен елдің алты провинциясындағы миллионға жуық адам тұрғын мекен-жайын тастап шығуға мәжбүр болған.

Қытай ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, елдегі қырықтан аса өзенде су көлемі ең шекті мөлшерден асып кеткен.
XS
SM
MD
LG