Accessibility links

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Раббаниді өлтіргендердің ісін айыптады


Бурхануддин Раббаниді еске алу жиынына қатысушылар оның суретін ұстап тұр. Кабул, 21 қыркүйек 2011 ж.
Бурхануддин Раббаниді еске алу жиынына қатысушылар оның суретін ұстап тұр. Кабул, 21 қыркүйек 2011 ж.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Ауғанстанның бейбітшілік бойынша Жоғарғы кеңесінің төрағасы Бурхануддин Раббаниді өлтіргендердің ісін айыптап, бұл оқиғаны "террорлық акт" деп атады.

Раббани сейсенбі күні Кабулдағы өз үйінде қастандық құрбаны болған еді. Оған өзін үкіметке қарсы көтерілісші ретінде таныстырып кездесуге барған жанкешті сәлдеге жасырған бомбаны жарып жіберген.

Бурхануддин Раббани – 1980 жылдары совет армиясына қарсы шайқасқан моджахеддердің бұрынғы көсемі, 90-жылдардың басынан бері өз билігін «Талибан» қозғалысы құлатқан 1996 жылға дейінгі Ауғанстан президенті болды.
XS
SM
MD
LG