Accessibility links

ХВҚ әлемдегі банк жүйесіндегі жағдайға алаңдайды


Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы штаб-пәтерінің сыртқы көрінісі.
Халықаралық валюта қорының Вашингтондағы штаб-пәтерінің сыртқы көрінісі.
Халықаралық валюта қоры дәл қазір әлемдегі қаржы жүйесі әлсіз жағдайда екендігін айтып алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы осы ұйымның сәрсенбі күні жариялаған баяндамасында айтылған.

Экономиканы қалпына келтіріп, банк жүйесін нығайту үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырған құжат авторлары әсіресе кейбір еуропалық банктердің жағдайы шатқаяқтап тұрғанын атап көрсеткен. Баяндамада мұндай жағдай тек 2008 жылы әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде байқалғаны айтылған.

Бұл арада Moody's халықаралық рейтинг агенттігі АҚШ-тағы ірі үш банктің, ал Standard & Poor's агенттігі Италияның жеті бірдей банктерінің рейтингісін түсіргенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG