Accessibility links

АҚШ-та өлім жазасына кесілген адамға шығарылған үкім орындалды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-та өлім жазасына кесілген Трой Дэвис дейтін адамға шығарылған сот үкімі орындалды.

Сәрсенбі күні АҚШ Жоғарғы соты Трой Дэвиске шығарылған үкімді күшінде қалдыру туралы шешім қабылдаған соң, үкім орындалды.

1989 жылы полиция қызметкерін өлтіргені үшін айыпты деп танылған Трой Дэвис өзіне шығарылған үкімге байланысты апелляциялық шағымдар бергендіктен, сот үкімін орындау соңғы бірнеше жылда үш рет кейінге қалдырылған еді.

Адвокаттары полиция қызметкеріне Дэвистің оқ атқандығын дәлелдейтін айғақтардың жоқтығына соттың көзін жеткізуге 22 жыл бойы тырысып бақса да, сот үкімін өзгертуге қол жеткізе алмады. Әуелгіде Дэвиске қарсы куәлік берген 10 адамның жетеуі бірнеше жыл өткен соң өздеріне тергеу кезінде қысым жасалғандығын айтып, алғашқы берген куәліктерінен бас тартты.

Трой Дэвиске өлім жазасын қолдануға қарсы кең көлемді қоғамдық науқан жүргізіліп, оған шығарылған үкімді өзгертуді талап еткендерден интернет арқылы миллионға жуық қол жиналған еді.
XS
SM
MD
LG