Accessibility links

Иран түрмесінен шыққан АҚШ азаматтары Оманда туыстарымен қауышты


Джошуа Фаттал (оң жақта) мен Шейн Бауер. Оман, 21 қыркүйек 2011 ж.
Джошуа Фаттал (оң жақта) мен Шейн Бауер. Оман, 21 қыркүйек 2011 ж.
Иран түрмесінен кепілге босап шыққан АҚШ азаматтары Джошуа Фаттал мен Шейн Бауер сәрсенбі күні Оманға жетіп, өздерін сонда қарсы алған туыс-туғандарымен қауышты.

Оған дейін Теһран түрмесінен шыққанда қақпа алдында ол екеуін Швейцария мен Оман дипломаттары күтіп тұрған еді. Иран мен АҚШ арасында тікелей дипломатиялық байланыс болмағандықтан ол елде АҚШ-тың мүддесін Швейцария білдіреді. Түрмедегі АҚШ азаматтарын бостандыққа шығару туралы келіссөздерге Ирак және Оман дипломаттары да атсалысты.

Джошуа Фаттал мен Шейн Бауердің иран түрмесінен бостандыққа шыққаны америкалықтардың баршасы үшін қуанышты хабар болғанын мәлімдеді АҚШ президенті Барак Обама.

Иран соты 28 жастағы Шэйн Бауер мен 29 жастағы Джош Фатталдың әрқайсысын 500 мың АҚШ доллары көлемінде кепіл ақшаға босату туралы шешім шығарған.

Ирак тауларында қыдырып жүріп Иранға өтіп кеткен Бауер, Фаттал және тағы бір америкалық азаматша Сара Шоурдты осыдан екі жыл бұрын шілде айында ирандық шекарашылар ұстаған.

Сара Шоурд өткен жылы жарты миллион доллар кепіл ақшаға босатылып, АҚШ-қа қайтқан еді. Ал, Джошуа Фаттал мен Шейн Бауер "тыңшы" деген айып бойынша сегіз жылға сотталған болатын.
XS
SM
MD
LG