Accessibility links

Ниқаб киетін француз азаматшасы президент сайлауына түсуге ынта білдірді


Ниқаб киетін француз азаматшасы Кенза Драйдер. Париж, 11 сәуір 2011 жыл.

Ниқаб киетін француз азаматшасы Кенза Драйдер. Париж, 11 сәуір 2011 жыл.

Ниқаб киген француз азаматшасы жалпыұлттық тыйымға қарамастан келесі жылы президент сайлауына түсуге ынта білдірді.

Сәрсенбі күні француз және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілеріне берген сұқбатында Кенза Драйдер барлық француз әйелдерінің құқықтарын қорғауды қалайтынын айтты.

Тегі марокколық француз азаматшасы Кенза Драйдер өзінің 13 жыл бойы ниқаб киетінін айтты. Оның мәлімдеуінше, сәуір айында Франция көшелерінде ниқаб киюге салынған тыйым негізгі адам құқықтарын бұзады.

Осы жылы сәуірдің 11-інен бастап Францияда қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін жауып тұратын пәренже немесе ниқаб киіп жүруге тыйым салатын заң ережесі күшіне енген болатын.
XS
SM
MD
LG