Accessibility links

ЕҚЫҰ Днестр маңы аймағына қатысты келіссөздің басталуын қолдайды


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Литва сыртқы істер министрі Аудрониус Азубалис. Бішкек, 3 наурыз 2011 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Литва сыртқы істер министрі Аудрониус Азубалис. Бішкек, 3 наурыз 2011 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Днестр маңы аймағы төңірегіндегі дауға қатысты халықаралық келіссөздердің қайта басталу мүмкіндігін қоштады.

Ұйымға төрағалық етіп отырған Литва сыртқы істер министрі Аудрониус Азубалис бүгін Нью-Йорктегі БҰҰ-да сөйлеген сөзінде "5+2" келіссөзін қайта бастау туралы шешім бұл дауды шешу жолындағы маңызды қадам деп атап көрсетті.

"5+2" форматындағы келіссөздерге Молдова, Днестр маңы аймағы өкілдері мен ЕҚЫҰ, Ресей, Украина, АҚШ, Еуропа Одағының бақылаушылары қатысады.
XS
SM
MD
LG