Accessibility links

Ливияның бұрынғы премьер-министрі Тунисте ұсталды


Ливия картасы.

Ливия картасы.

Ливияның бұрынғы премьер-министрі Бағдади әл-Махмуди Тунисте ұсталып, елге заңсыз өткені үшін алты айға түрмеге қамалды.

Тунис шенеуніктерінің хабарлауынша, ол қыркүйектің 21-і күні Алжирмен шекара маңында тұтқындалған. Бағдади әл-Махмуди Ливияда Муаммар Каддафи билігі тұсында, яғни биыл тамызға дейін елдің премьер-министрі болған.

Ал Муаммар Каддафидің қайда екендігі әлі белгісіз.
XS
SM
MD
LG