Accessibility links

Ливияның өтпелі кеңесі Сабха қаласын бағындырды


Ливия Ұлттық өтпелі кеңесінің күштері. 15 қыркүйек 2011 ж.

Ливия Ұлттық өтпелі кеңесінің күштері. 15 қыркүйек 2011 ж.

Ливияның Ұлттық өтпелі кеңесінің өкілдері осы кезге дейін елдің бұрынғы жетекшісі Муаммар Каддафидің негізгі тіректерінің бірі болып келген Сабха қаласына толықтай бақылау ортанқандары туралы мәлімдеді.

Сабха қаласы Ливия астанасы Триполиден оңтүстікке қарай 800 шақырым жерде орналасқан. Осының қарсаңында БҰҰ этом қуаты жөніндегі агенттігінің өкілдері Муаммар Каддафидің үкіметі осы Сабха қаласының маңында уран сақтаған деп хабарлаған еді.

Оның алдында Си-Эн-Эн телеарнасы Ұлттық өтпелі кеңес күштері радиоактивті заттар қоймасын тауып алғаны туралы хабар таратқан болатын.

Әзірге Бани-Валид және Сирт қалалары Каддафиді жақтайтындардың қолында қалып отыр.
XS
SM
MD
LG