Accessibility links

Чилиде ондаған мың студент үкіметке наразылық айтып көшеге шықты


Чили астанасы Сантьяго метросындағы станциялардың бірінде келе жатқан жастар. (Көрнекі сурет)

Чили астанасы Сантьяго метросындағы станциялардың бірінде келе жатқан жастар. (Көрнекі сурет)

Чилиде бейсенбі күні ондаған мың студент үкіметтен білімге жұмсалатын қаржыны көбейтуді және білім сапасын жақсартуды талап етіп, ел астанасы Сантьяго қаласында көшеге шықты.

Бұл наразылық шеруі үкімет пен студенттер топтары арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесіз аяқталған соң басталды.

Соңғы айларда толассыз жалғасқан студенттер шерулері мен ереуілдері салдарынан елдегі университеттер мен мектептердің көпшілігінде сабақтар тоқтап қалды. Үкімет пен студенттер арасындағы теке-тірес Чили президенті Себастьян Пиньераның абырой-беделіне де әсер етті.

Әйткенмен, студенттердің наразылығына қарамастан, билік өз ұстанымын өзгертпейді деп мәлімдеді үкімет өкілі.
XS
SM
MD
LG