Accessibility links

Йемен президентінің еліне оралатыны туралы хабар тарады


Йемен президенті Әли Абдолла Салехтің өз халқына Сауд Арабиясынан телеарна арқылы үндеу жасап отырған сәті. Эр-Рияд, 16 тамыз 2011 ж.

Йемен президенті Әли Абдолла Салехтің өз халқына Сауд Арабиясынан телеарна арқылы үндеу жасап отырған сәті. Эр-Рияд, 16 тамыз 2011 ж.

Йемен мемлекеттік телеарнасы ел президенті Әли Абдолла Салехтің үш айдан астам уақыттан соң отанына қайта оралмақ ниетте екендігі жөнінде ақпарат таратты. Бұл туралы батыс агенттіктері хабарлап жатыр.

Биыл маусым айында Санадағы резиденциясына жасалған шабуылда жараланған соң президент Салехтің ем алу үшін Сауд Арабиясына кеткені хабарланған еді.

Йеменді отыз жылдан астам уақыт басқарып отырған президент Салехқа қарсы жаппай халық наразылығы ақпан айында басталған. Содан бері елде үкімет күштері мен президент Салехтің биліктен кетуін талап еткендер арасындағы қақтығыстарда жүздеген адам құрбан болды.

Шеруге шыққандарды тарқату үшін үкімет күштері жиі қару қолданады.
XS
SM
MD
LG