Accessibility links

Олимпиада комитеті медаль сатып алу туралы айыпты тексеретінін айтты


Халықаралық олимпиада комитеті келесі жылы Лондонда өтетін жарыстарда "Әзербайжанға қолма-қол ақшаға екі алтын медаль беріледі деп уәде етілді" деген айыптарды тексеретінін айтты.

Бейсенбі күні ұлыбританиялық Би-Би-Си телеарнасының хабарлауынша, халықаралық бокс қауымдастығы аты-жөні белгісіз әзербайжан инвесторынан бірнеше миллион АҚШ доллары көлемінде несие алған. Бұл ақша 2012 жылғы олимпиада ойындарындағы жеңіске кепілдік беру үшін жұмсалады делінеді.

Халықаралық бокс қауымдастығы "бұл хабар шындыққа жанаспайды" деп, әлгі айыптауларды тексеретінін мәлімдеді.

Халықаралық олимпиада комитеті бокс қауымдастығы тергеуінің нәтижесін күтіп, бұл мәселені анықтайтынын айтып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG