Accessibility links

Рим папасы Германиядағы мұсылмандармен кездесті


Рима папасы Бенедикт XVI Берлиндегі әуежайда. 22 қыркүйек 2011 жыл.
Рима папасы Бенедикт XVI Берлиндегі әуежайда. 22 қыркүйек 2011 жыл.
Рима папасы Бенедикт XVI христиандар мен мұсылмандарды өзара сыйластық пен диалогқа шақырды.

Германияға сапары барысында ол төрт миллион мүшесі бар мұсылмандар қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Рим папасы Құдайға сенетін христиандар мен мұсылмандар "жемісті ынтымақтастық" орната отырып, әлемнің бұдан да жақсырақ болуына өз үлестерін қоса алады деп атап көрсетті.

2006 жылы Германияға жасаған соңғы сапарында Бенедикт XVI исламды зорлық-зомбылықпен байланыстырып, мұсылмандарды ренжітіп алған болатын.

Берлинге бейсенбі күні барған Рим папасынының мемлекеттік сапары төрт күнге жалғасады.
XS
SM
MD
LG