Accessibility links

Каримов Қытаймен қарым-қатынастарды мадақтады


Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қытай сыртқы істер министрі Ян Цзечидің Бейжіңдегі кездесуі. 20 сәуір 2011 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен Қытай сыртқы істер министрі Ян Цзечидің Бейжіңдегі кездесуі. 20 сәуір 2011 жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов бүгін Қытаймен арадағы дамып жатқан қарым-қатынастарды мадақтады.

Бейсенбіде Ташкентте Қытай ұлттық халық конгресінің төрағасы Ву Бангуомен кездескен Каримов бүгін теледидардан сөйледі. Өзбек үкіметінің айтуынша, екі жақ сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойған. Бірақ бұл келісімдер туралы егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.

Сәуір айында Өзбекстан мен Қытай газ саудасына қатысты 5 миллиард долларлық инвестициялық жобалар туралы келісім жасаған болатын.

Әлемдегі ең ірі энергия тұтынушы ел - Қытай Орталық Азиядағы ресурстарға қатты қызығушылық танытып отыр.
XS
SM
MD
LG