Accessibility links

Ереуілші мұнайшылардың белсендісі босатылды


Ереуілдеп жатқан мұнайшылардың белсендісі Наталья Әжіғалиева. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.

Ереуілдеп жатқан мұнайшылардың белсендісі Наталья Әжіғалиева. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.

Жаңаөзенде ереуілдеп жатқан мұнайшылардың белсендісі Наталья Әжіғалиева бүгін қамаудан босатылды деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі.

15 тәулікке қамалған Наталья Әжіғалиеваға «полицияға бағынбады» деген айып тағылған болатын.

Маңғыстау облысында "Өзенмұнайгаз" және "Қаражанбасмұнай" компанияларының жұмысшылары мамыр айынан бері ереуіл өткізіп жатыр. Олар жалақыларын көбейтуді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG