Accessibility links

Каддафидің қызы әкесінің рухы жоғары екенін айтады


Муаммар Каддафидің қызы Айша. Триполи, 15 сәуір 2011 жыл.
Муаммар Каддафидің қызы Айша. Триполи, 15 сәуір 2011 жыл.
Муаммар Каддафидің қызы әкесінің рухы жоғары екенін айтып, жақтаушыларымен бірге шайқасып жатқанын хабарлады.

Сирия радиосынан берілген аудио-таспада Айша Каддафи Триполи тұрғындары мен басқа да ливиялықтарды елдің жаңа басшыларымен күресуге шақырды. Тамыздың аяғында биліктен құлатылған Муаммар Каддафидің қайда екені белгісіз.

Басқа да хабарларға қарағанда, Ливия премьер-министрі міндетін атқарып отырған Махмуд Жибрил Триполиде шетелдіктердің қудалануына қатысты тергеу жүргізуге уәде етті. Адам құқықтары бойынша халықаралық "Хьюман Райтс Уотч" ұйымының мәліметінше, Каддафиді қолдайды деп айыпталған жұмысшы мигранттар жаппай қамауға алынып, қудаланып жатқан көрінеді.
XS
SM
MD
LG