Accessibility links

Исламдық ынтымақтастық ұйымы Палестинаны қолдады


Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Исламдық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Екмеледдин Ихсаноглу аталмыш ұйымның жаңа логосымен таныстырды. Астана, 28 маусым 2011 жыл.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Исламдық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Екмеледдин Ихсаноглу аталмыш ұйымның жаңа логосымен таныстырды. Астана, 28 маусым 2011 жыл.

Исламдық ынтымақтастық ұйымы БҰҰ-ға мүше болу жөнінде өтініш тапсырған Палестинаны қолдау туралы қарар қабылдады. Бұл туралы аталмыш ұйымның сыртқы істер министрлері кеңесінің қазіргі төрағасы Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов хабарлады.

"Палестина президенті Махмуд Аббас Қазақстан бастамасымен Исламдық ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері алдында сөз сөйледі. Ұйым Палестина мемлекетін қолдау туралы қарар қабылдады", - деп жазады Қазыханов Twitter парақшасында.

БҰҰ палестиналықтардың осы халықаралық ұйымға қосылу жөніндегі өтінішін дүйсенбіде талқылайтынын хабарлады.

Жұма күні Палестина автономиясы президенті Махмуд Аббас БҰҰ-ға мүше болу туралы бас хатшы Пан Ги Мунға ресми түрде хат тапсырды. БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Махмуд Аббас халықаралық қауымдастықты Палестина тәуелсіздігін мойындауға шақырды.
XS
SM
MD
LG