Accessibility links

Ресейдің қаржы министрі Медведев үкіметінен бас тартатынын айтты


Ресейдің орталық банк басшысы мен қаржы министрі Алексей Кудрин. 2010 жыл.
Ресейдің орталық банк басшысы мен қаржы министрі Алексей Кудрин. 2010 жыл.
Ресейдің ұзақтан келе жатқан қаржы министрі Алексей Кудрин президент Дмитрий Медведевпен пікірқайшылықтарын айта келе, елдің келесі премьер-министрі Медведев болса, өзінің үкімет құрамында болмайтынын айтты.

Сенбі күні Ресей тандемі - премьер-министр Владимир Путин мен президент Дмитрий Медведев алдағы президент сайлауында орын алмастыру мүмкіндіктерін жариялаған.

Вашингтондағы сапары кезінде Кудрин өзінің Медведевпен келіспей қалған тұстарын айта келе, президенттің әскери мақсаттарға көбірек ақша салу шешіміне қарсы болғанын айтты.

2000 жылдан бері Ресейдің қаржы министрі болып келе жатқан Кудрин елдің мұнайдан түскен пайдасын арнайы қорда сақтауды ұсынып, ғаламдық экономикалық дағдарыстың салдарын әлсіретуге күш салған.
XS
SM
MD
LG