Accessibility links

Израиль: БҰҰ Палестинаны мемлекет деп мойындаса, оның салдары жаман болады


Палестина жетекшісі Махмуд Аббас Палестинаны мемлекет ретінде тануды сұраған өтінішін БҰҰ бас ассамблеясына ұсынды. 23 қыркүйек. 2011

Палестина жетекшісі Махмуд Аббас Палестинаны мемлекет ретінде тануды сұраған өтінішін БҰҰ бас ассамблеясына ұсынды. 23 қыркүйек. 2011

Израиль сыртқы істер министрі егер БҰҰ-ы Палестинаның өзін мемлекет деп тану жөніндегі ұсынысын қабылдаса, оның кері салдары болады деп мәлімдеді.

Израиль радиосына берген сұқбатында, министр Авигдор Либерман Палестинаның ұсынысын Қауіпсіздік кеңесі немесе Бас ассамблея мақұлдайтын болса, ол сөзсіз Израильдің қарсы реакциясын тудырады деді.

Египет пен Испания сенбі күні Бас ассамблея жиынында Палестина ұсынысына қолдау танытқан.

Палестина жетекшісі Махмуд Аббас ресми түрде БҰҰ-на Палестинаны толық мүшелікке қабылдау туралы өтініш түсірген. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Палестинаның ұсынысын талқылау үшін дүйсенбі күні кездеседі.
XS
SM
MD
LG