Accessibility links

Палестиналықтар елге оралған Махмуд Аббасты қошаметпен қарсы алды


Палестина жетекшісі Махмуд Аббас БҰҰ бас хатшысына Палестинаны мемлекет ретінде мойындау туралы ресми өтінішін тапсырды. 23 қыркүйек. 2011

Палестина жетекшісі Махмуд Аббас БҰҰ бас хатшысына Палестинаны мемлекет ретінде мойындау туралы ресми өтінішін тапсырды. 23 қыркүйек. 2011

Рамаллада мыңдаған адам Палестина мемлекетін мойындау туралы БҰҰ-на ұсыныс жасап қайтқан ел жетекшісі Махмуд Аббасты қошаметпен күтіп алды.

Аббас жұма күні БҰҰ Бас ассмблеясына Палестина мемлекетін толық мүшелікке қабылдау туралы ресми өтініш түсірген. Ол өзін қарсы алған жұртқа Израиль басып алған жерлерде қоныстануын тоқтпайынша, бейбіт келіссөздер жүрмейді деп мәлімдеді.

Оның алдында Израиль сыртқы істер министрі егер БҰҰ-ы Палестинаның өзін мемлекет деп тану жөніндегі ұсынысын қабылдаса, оның кері салдары болады деп айтты.

Израиль радиосына берген сұқбатында, министр Авигдор Либерман Палестинаның ұсынысын Қауіпсіздік кеңесі немесе Бас ассамблея мақұлдайтын болса, ол сөзсіз Израильдің қарсы реакциясын тудырады деді.

Египет пен Испания сенбі күні Бас ассамблея жиынында Палестина ұсынысына қолдау танытқан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Палестинаның ұсынысын талқылау үшін дүйсенбі күні кездеседі.
XS
SM
MD
LG