Accessibility links

Сауд Арабиясында бірінші рет әйелдерге сайлауға қатысу құқығы берілді


Сауд Арабиясының королі Абдулла бірінші рет елдегі әйелдердің жергілікті сайлауларға қатысуына жол ашып, әйелдерге дауыс беру құқын бергенін мәлімдеді.

Бұл туралы Шура кеңесінде мәлімдеген Абдулла саудиялық әйелдер 2013 жылдан бастап, 150 мүшесі бар кеңеске мүше бола алады деді.
Әйелдер 2015 жылдан жергілікті сайлауға дауыс беріп және сайлауға түсе алады деді ол.

Саудиялық белсенді әйелдер дауыс беру құқығын иелену үшін ұзақ уақыт науқандар жүргізіп келді. Бұл мұсылман елінде ер адамдар ғана сайлауға дауыс беруге бара алатын.

Сауд Арабиясында әйелдердің ерлерсіз жеке қыдырып, көлік жүргізуіне де тыйым салынған.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG