Accessibility links

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Палестина мәселесін талқылайды


БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мәжілісі.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мәжілісі.

Бүгін БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Палестинаның тәуелсіздігін тану туралы мәселе бойынша кеңесулер бастайды.

Бұған дейін Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас БҰҰ Бас ассамблеясына Палестина мемлекетін толық мүшелікке қабылдау туралы ресми өтініш түсірген еді. Нью-Йорктен оралған Махмуд Аббасты Рамаллада мыңдаған адам үлкен қошаметпен күтіп алды.

Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман егер Палестинаның ұсынысын қауіпсіздік кеңесі немесе Бас ассамблея мақұлдайтын болса, ол сөзсіз Израильдің қарсы реакциясын тудырады деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде, Палестина басшылығына елдің тәуелсіздігіне қатысты мәселені Израильмен келіссөздер арқылы шешуді ұсынып, Вашингтон бұл мәселе бойынша БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қоятынын ескертті.

Ал Палестина мемлекетінің құрылуына қолдау білдіретіндерін мәлімдеген бірқатар елдердің арасында Қазақстан да бар.
XS
SM
MD
LG