Accessibility links

АҚШ ОББ-ның Кабулдағы өкілдігіне шабуыл жасалған


Кабул қаласының көрінісі, 13 қыркүйек 2011 ж.

Кабул қаласының көрінісі, 13 қыркүйек 2011 ж.

АҚШ Орталық барлау басқармасының (СІА) Ауғанстан астанасындағы өкілдігі орналасқан "Ариана" қонақ үй ғимаратына жексенбі күні шабуыл жасалғаны туралы хабарланды. Оқиға болған ауданда атыс естілген.

Шабуылдан зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Америкалық бір шенеунік батыс агенттіктеріне қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын ғана айтқан.

Осыдан екі аптада бұрын, қыркүйектің 13-і күні, қарулы бүлікшілер Кабулдағы АҚШ елшілігі мен НАТО-ның және өзге де бірқатар ғимараттарға шабуыл жасаған еді. АҚШ қарулы күштері штаб бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы Майк Маллен бұл шабуылды жасаған тәліптердің радикалды қанаты – Хаккани террористік тобымен Пәкістанның арнайы қызмет орындарының байланысы бар деп мәлімдеді.

Алайда мұндай айыпты жоққа шығарған Пәкістан сыртқы істер министрі Хина Раббани Хар "егер АҚШ Пәкістанды жөн-жосықсыз сынай беретін болса, онда әсіредіншіл бүлікшілермен күрестегі одақтасын жоғалтып алуы мүмкін" деп ескертті.
XS
SM
MD
LG