Accessibility links

Биыл әлемде 82 журналист өлтірілген


Ирақта бүлікшілер шабуылында қаза тапқан журналист Сабах әл-Базейдің жаназасы. Наурыз, 2011 ж.
Ирақта бүлікшілер шабуылында қаза тапқан журналист Сабах әл-Базейдің жаназасы. Наурыз, 2011 ж.
2011 жылы әлемде 82 журналист кісі қолынан қаза тапқан. Бұл туралы Венада орналасқан Халықаралық баспасөз институтының баяндамасында айтылған.

Журналистер үшін ең қауіпті ел ретінде бұрынғысынша Мексика аталып отыр. Құжатта ол елде биыл 11 журналистің қастандық құрбанына айналғаны жазылған. Сол сияқты, кәсіби қызметін атқару барысында журналистер көп қаза болған елдер қатарында Ирак (9), Ливия (5), Гондурас (5), Чили (5), Бразилия (5) және Пәкістан (5) бар.

Баяндамада Еуропа құрлығына жататын мемлекет ретінде жалғыз аталған Ресейде биыл екі журналистің қаза болғаны жазылған.
XS
SM
MD
LG