Accessibility links

Ұлыбританияда алты күдіктіге террорлық айыбы тағылды


Британ полициясы арнайы шара кезінде. (Көрнекі сурет)

Британ полициясы арнайы шара кезінде. (Көрнекі сурет)

Ұлыбританияда полиция алты адамға террорлық шабуылдар жасамақ болған деген айып тағып отыр.

Полиция күдіктілердің барлығы жексенбі күні Бирмингем ауданында терроризмге қарсы жүргізілген ірі операция кезінде ұсталғаны туралы хабарлады.

Олардың төртеуі былтырғы желтоқсанның 25-і мен биылғы қыркүйектің 19-ы аралығындағы кезеңде террорлық шабуылдар жасамақ болған деген күдікке ілінді. Тағы екі адам террорлық іс-әрекет туралы ақпаратты біле тұра жеткізбегені үшін кінәлі делінеді.

Ұсталған алтауының ары қарайғы тағдырын бүгін Батыс Лондон соты шешеді.
XS
SM
MD
LG