Accessibility links

Йемен басшысы мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге әзір екенін мәлімдеді


Йемен президенті Әли Абдолла Салехтің ұлттық телеарна арқылы үндеу жасап отырған сәті. 25 қыркүйек 2011 ж.

Йемен президенті Әли Абдолла Салехтің ұлттық телеарна арқылы үндеу жасап отырған сәті. 25 қыркүйек 2011 ж.

Йемен басшысы Әли Абдулла Салех жексенбі күні телеарна арқылы халыққа үндеуінде елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге әзір екенін мәлімдеді.

Мемлекетті 33 жыл бойы үздіксіз басқарып отырған Әли Абдулла Салех үш ай Сауд Арабиясында емделіп өткен жұма күні отанына оралған еді. Ол биыл маусым айында Санадағы резиденциясына жасалған шабуылда жараланған болатын.

Алайда Йеменде Салехтің биліктен кетуін талап етушілердің наразылығы күшейіп кетті. Өткен аптада үкіметке қарсы шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстан 100-ге жуық адамның қаза болғаны айтылды.

АҚШ билігі Йемен президенті Әли Абдулла Салехті қызметінен кетуге шақырды.
XS
SM
MD
LG