Accessibility links

Қырғызстандағы президент сайлауына 20 кандидат қатысады


Қырғыз туы. (Көрнекі сурет)

Қырғыз туы. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткер 20 кандидаттың аты-жөнін жариялап, сайлауалды науқаны басталғанын хабарлады.

30 қазанда өтетін президент сайлауына қатысушылардың арасында елдің қазіргі премьер-министрі Алмазбек Атамбаев, "Атажұрт" партиясының өкілі Камчыбек Ташиев, "Бүтін Қырғызстан" партиясынан түскен Адахан Мадумаров бар.

Әу баста сайлауға қатысуға өтініш берген 80-нен астам үміткердің көбі 30 мың адамның қолын жинау, сайлау жарнасын төлеу, қырғыз тілінен емтихан тапсыру сияқты сынақтардан өтпей қалған еді.

Қырғызстанның қазіргі президенті Роза Отунбаева 31 желтоқсан күні қызметінен кетуі керек.
XS
SM
MD
LG