Accessibility links

Ресейде өзбек белсендісін өлтіріп кетті


Өзбекстан халық қозғалысы басшыларының бірі Фуад Рустамхожаев.
Өзбекстан халық қозғалысы басшыларының бірі Фуад Рустамхожаев.
Қыркүйектің 24-і күні Ресейдің Иваново қаласында өзбек билігіне оппозициялық бағыттағы "Өзбекстан халық қозғалысы" басшыларының бірі әрі кәсіпкер Фуад Рустамхожаевты өз үйінің алдында белгісіз біреулер өлтіріп кетті.

1973 жылы Әндіжанда туған Фуад Рустамхожаев ислам дін ілімін оқыған, Ивановодағы бас мешіттің хатиб имамы болған адам.

Тергеушілер оның өліміне байланысты бірнеше болжам айтады. «Фергана.ру» сайтының жазуынша, Ресейде 2005 жылдан бері тұрып келе жатқан Рустамхожаевқа Өзбекстан қауіпсіздік қызметі өкілдері бірнеше рет доқ көрсеткен.
XS
SM
MD
LG