Accessibility links

Әзербайжан 2012 жылғы Олимпиадаға байланысты айыпты жоққа шығарады



Бүгін Бакуде бокстан әлем чемпионатының ашылу салтанаты болды.

Бұған дейін, 22 қыркүйек күні Би-би-си "Халықаралық бокс қауымдастығы әзербайжандық бір инвестордан тоғыз миллион доллар алып, оның ақысына 2012 жылғы Олимпиадада әзербайжан спортшыларына алтын жүлдені әпермек болды" деп хабарлаған еді.

Әзербайжан бокс федерациясының басшысы Камаладдин Гейдаров "бұл айыптың еш қисыны жоқ, оны жоққа шығару қиын емес" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG