Accessibility links

Өзбек вице-премьері Ош оқиғасына толық тергеу жүргізуге шақырды


Өзбекстан вице-премьері, сыртқы істер министрі Елиор Ганиев.

Өзбекстан вице-премьері, сыртқы істер министрі Елиор Ганиев.

Қырғызстанда 2010 жылы болған Ош оқиғаларына толық тергеу жүргізбейінше өзбектер мен қырғыздар арасындағы этникалық дүрдараздыққа тоқтау болмайды. Дүйсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Өзбекстан вице-премьері, сыртқы істер министрі Елиор Ганиев осындай мәлімдеме жасады.

Өзбекстан өкілі Қырғызстандағы қайғылы оқиғалардың Орталық Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшілікке төнген қатер екендігін айтып, кінәлі адамдар сол күйі жазаланған жоқ деп мәлімдеді.

Былтыр жазда Ош оқиғалары барысында 400-ден аса адам қаза тапты, олардың көпшілігі - этникалық өзбектер болған.
XS
SM
MD
LG