Accessibility links

Ливияда Сирт қаласының порты өтпелі кеңес күштеріне өтті


Ливия Ұлттық өтпелі кеңесінің күштері Сирт қаласы маңында. 26 қыркүйек 2011 ж.

Ливия Ұлттық өтпелі кеңесінің күштері Сирт қаласы маңында. 26 қыркүйек 2011 ж.

Ливия Ұлттық өтпелі кеңесінің күштері өткен түнде Сирт қаласындағы портты өз бақылауына алды. Бұл туралы Франс-пресс агенттігі хабарлады.

Ұлттық өтпелі кеңес күштері басшыларының бірінің айтуынша, Сирттың шығысында орналасқан портты бағындыру "стратегиялық жеңіс" болып табылады.

Өтпелі кеңес күштері соңғы күндері Сирт қаласы үшін ұрыс қимылдарын үдеткен еді. Оларға НАТО әуе күштері қолдау танытты. Сиртты қоршап алған жаңа билік әскері қаланы шабуылмен алуға әзірленіп жатқаны туралы ақпарат жетіп отыр.
XS
SM
MD
LG