Accessibility links

Шығыс Қазақстандағы Мақаншы ауылында карантин жарияланды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты Мақаншы ауылында қауіпті дертті жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған 19 адам дәрігерлік бақылауға алынды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

"Олардың 18-і Мақаншының жергілікті тұрғындары, біреуі қазір Семейде. Бәрі қазір дәрігерлердің бақылауында, күн сайын тексеру жүргізіледі", - деп хабарлаған агенттікке Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінен.

Мақаншы ауылында карантин жарияланып, мал мен етті ауылдан шығаруға және ауылға әкелуге тыйым салынды.

Қыркүйектің 22-і Мақаншы ауруханасына түскен 45 жастағы ауыл тұрғынына дәрігерлер "түйнеме" (сибирская язва) деген алдын ала диагноз қойған. Қыркүйектің 24-і күні зертханалық тексеру нәтижесі науқастың қауіпті дертті жұқтырғанын растаған.
XS
SM
MD
LG