Accessibility links

"Талибан": Хаккани желісінің Пәкістанмен байланысы жоқ


"Хаккани желісінің" негізін қалаған Жалалуддин Хаккани. Исламабад, 19 қазан 2001 жыл.
"Хаккани желісінің" негізін қалаған Жалалуддин Хаккани. Исламабад, 19 қазан 2001 жыл.
"Талибан" Пәкістан үкіметімен байланысы жоқтығын хабарлады.

Аталмыш қозғалыс бүгін "Жихад дауысы" деп аталатын ағылшын тіліндегі вебсайтында жариялаған мәлімдемесінде "Пәкістанда базамыз жоқ" деген.

"Талибан" сонымен қатар өз одақтастарының бірі Хаккани желісінің Пәкістан барлау қызметімен байланысы бар деген АҚШ-тың айыптауларын жоққа шығарды.

АҚШ қарулы күштері штаб бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы адмирал Майк Маллен Пәкістан барлау қызметін Хаккани желісін қолдап жатыр деп айыптаған болатын.

Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, АҚШ Хаккани желісін лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізуді қарастырып жатыр. Вашингтонның айтуынша, қыркүйектің 13-інде Кабулдағы АҚШ елшілігіне жасалған шабуылды Хаккани желісі ұйымдастырған.
XS
SM
MD
LG