Accessibility links

Темір ауданындағы оқиғаларға қатысты сот басталды


Кеңқияқ ауылындағы полиция бөлімшесі. Кеңқияқ, 1 шілде 2011 жыл.
Кеңқияқ ауылындағы полиция бөлімшесі. Кеңқияқ, 1 шілде 2011 жыл.
Ақтөбе облысында лаңкестікке қатысы бар деп айыпталғандарға қатысты сот процессі басталды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігі.

Облыстық сот баспасөз хатшысы Гүлнұр Симатованың айтуынша, сотқа тартылған төрт адамға "лаңкестікке қатысы бар, заңсыз қару-жарақ сақтады және адам өлтірді" деген айыптар тағылған. Сейсенбі күні жабық есік жағдайында басталған сот процессі биыл жазда Темір ауданында болған оқиғаларға қатысты дейді Симатова.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, шілденің 1-іне қараған түні белгісіз біреулер Ақтөбе облысы Темір ауданындағы Шұбарши ауылы жанында екі полиция қызметкерін өлтірген болатын. Полицейлерді өлтірді деп күдікке ілінгендерді тұтқындау мақсатында шілденің 2-сінде жүргізілген арнайы операция барысында "Арлан" арнайы бөлімінің бір сарбазы қаза тауып, үшеуі жараланды.

Шілденің 9-ында "Сұңқар" арнайы бөлімінің қызметкерлері елдің батысында екі полицейді өлтіруге қатысы бар күдіктілерді ұстауға әрекет жасап, шабуылдаушы жақтан 9 адамды өлтірген. Кейінірек тағы екі күдіктінің ұсталғаны туралы хабарланды.
XS
SM
MD
LG