Accessibility links

Жастар ұйымы "Нұр Отанға" қарсы акция өткізді


"Рух пен тіл" жастар ұйымының белсенділері бүгін Алматыдағы "Нұр Отан" партиясы кеңсесі алдында наразылық шарасын өткізді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігі.

Наразылық шарасын ұйымдастырушылардың бірі елдің батысында ереуілдеп жатқан мұнайшылардың мәселесін көтеріп, "биліктегі партия халық үшін ешнәрсе істемейді" деп мәлімдеді. Оның айтуынша, "Рух пен тіл" белсенділері "Нұр Отан" партиясы деп жазылған қағазды кішкентай табытқа салып, жерге көмген.
XS
SM
MD
LG