Accessibility links

Путин Кудриннің орнына Силуановты тағайындады


Ресей премьер-министрі Владимир Путин қаржы министрінің орынбасары Антон Силуановты қаржы министрінің міндетін атқарушы етіп тағайындады.

Осыдан бір күн бұрын қаржы министрі Алексей Кудрин қызметінен босатылған болатын. Путиннің мәлімдеуінше, Кудриннің премьер-министрдің орынбасары ретінде атқарып келген міндеті премьер-министрдің бірінші орынбасары Игорь Шуваловқа жүктеледі. Яғни Шувалов үкіметтегі қаржы мәселелерін бақылайтын болады.

"Бұл екі шешім туралы президент Дмитрий Медведевпен келісілді. Бұл біздің бірлескен шешіміміз", - деді Путин.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG