Accessibility links

Исламабад Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға жәрдемдесуге ниет білдірді


Пәкістан сыртқы істер министрі Хина Раббани Хар.

Пәкістан сыртқы істер министрі Хина Раббани Хар.

Исламабад көршілес Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға көмектесуге, бұл мақсатта Кабул және Вашингтонмен ынтымақтаса жұмыс істеуге ниетті деп мәлімдеді Пәкістан сыртқы істер министрі Хина Раббани Хар.

Сейсенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясында сөйлеген сөзінде Хина Раббани Хар Ауғанстан территориясындағы бүлікшілердің соңғы жасаған шабуылдарын айыптап, Пәкістанның терроризмге қарсы табандылықпен күресе беретінін айтты.

Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани АҚШ үкіметін Исламабадты әсіредіншіл бүлікшілермен байланысы бар деп айыптағанды доғаруға шақырды.

Бұған дейін АҚШ қарулы күштері штаб бастықтарының бірлескен комитетінің төрағасы Майк Маллен Пәкістанның арнайы қызмет орындарын тәліптердің радикалды қанаты – «Хаккани» террористік тобымен байланысы бар деп айыптаған еді.

АҚШ қыркүйектің 13-і күнгі Кабулда АҚШ елшілігіне және тағы бірқатар жерлерге жасалған террорлық шабуылдарды «Хаккани» тобы жасаған деп санайды.
XS
SM
MD
LG