Accessibility links

Александр Лукашенкоға қарсы деректер жарияланды


Беларусь президенті Александр Лукашенко тәуелсіздік күні өткізілген парад кезінде. Минск, 3 шілде 2011 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко тәуелсіздік күні өткізілген парад кезінде. Минск, 3 шілде 2011 жыл.

Лондондағы «Маккью энд Партнерс» заңгерлік фирмасы Беларусь президенті Александр Лукашенкоға қарсы куәгерлер берген деректерді интернетте жариялады.

Заңгерлік фирманың серіктесі Мэтью Джуридің айтуынша, 68 беттен тұратын бұл құжаттарды жариялаудағы мақсат - Александр Лукашенконың үстінен сотқа жүгінгісі келетін жеке азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға және шенеуніктерге талап-арыз жазуға көмектесу.

Жыл басында бір топ беларусь азаматы 2010 жылы желтоқсанда отандарында өткен даулы сайлаудан соң оппозициялық іс-әрекеттері үшін Беларусь билігі тарапынан саяси қуғын-сүргінге ұшырап, азапталғанын баяндап, лондондық адвокаттарға өтініш жасаған еді.
XS
SM
MD
LG