Accessibility links

Хиллари Клинтон Израиль үкіметінің ісін сынады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Шығыс Иерусалимде жаңа тұрғын үй құрылысын салу туралы Израиль үкіметінің шешімін "нәтиже бермейтін іс" деп атады.

Клинтон мұндай қадамның Израиль мен Палестина арасында бейбіт келіссөздерді қайта жалғастыруға ықпал етпейтінін атап айтты. Вашингтон екі елді осы келіссөздерді жалғастыруға шақырып келген еді.

Израильдің соңғы шешімін Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілі Кэтрин Эштон да сынады.

Бұған дейін Палестинаның Израильмен бейбіт келіссөздерді жалғастыру үшін қойған талаптарының бірі - кезінде басып алған жерлерге Израильдің құрылыс жүргізбеуі туралы болатын.

Өткен аптада Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін тану туралы ресми өтінішті БҰҰ-ға табыс етті. Палестина Шығыс Иерусалимнің ел астанасы болғанын қалайды.
XS
SM
MD
LG