Accessibility links

"Қазақмыс" өзінің 100 мың қарапайым акциясын қайта сатып алды


"Қазақмыс" кәсіпорындарының бірі. "Глобал Уитнесс" ұйымының суреті.
"Қазақмыс" кәсіпорындарының бірі. "Глобал Уитнесс" ұйымының суреті.
"Қазақмыс" корпорациясы қыркүйектің 27-і күні Лондон қор биржасында айналымда жүрген өзінің 100 мың қарапайым акциясын "Ситигрупп" тобынан кері сатып алғаны туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Әр құнды қағаздың орташа сатып алу бағасы - 841,6 пенс, бір қағаз үшін ең жоғарғы баға - 850 пенс, ал ең төменгі баға – 819,5 пенс болғаны айтылады.

Сатып алынған акциялар "Қазақмыс" корпорациясының өз иелігінде қалатыны хабарланып отыр.

Бұған дейін "Қазақмыс" тобы 250 миллион АҚШ долларына Лондон қор биржасында айналымда жүрген қарапайым акцияларды кері сатып алу бағдарламасын бастауға ниеті бар екендігін жариялаған еді.

Қазақстанда мыс өндіру ісімен айналысатын "Қазақмыс" корпорациясы әлемдегі алдыңғы ондықтың қатарына енеді.
XS
SM
MD
LG