Accessibility links

Қазақстан 2014 жылға дейін "жала жабу" бабын жоюға уәде етті


Қазақстан үкіметіндегі жоғары лауазымды ресми өкілдің мәлімдеуінше, қылмыстық кодекстегі "жала жабу" айыбы бойынша жауапкершілікке тарту бабы 2014 жылға дейін алынып тасталады.

Сәрсенбі күні "Время" газетінде жарияланған мақалада байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов "Қазақстан біртіндеп бұқаралық ақпарат құралдарын либерализациялауға көшіп жатыр" деп мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің адам құқықтары жөніндегі 2010 жылғы баяндамасында "Қазақстан билік орындары заңдарды пайдаланып, қудалау арқылы, интернетке шектеулер енгізу арқылы адамдардың өз ойын білдіру еркіндігіне кедергі жасайды" делінген.

Көршілес Қырғызстанда осы жылы "жала жабу" айыбы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту жойылды. Орталық Азияда осындай әрекетке барған алғашқы мемлекетті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мадақтаған болатын.
XS
SM
MD
LG