Accessibility links

"Фридом Хаус" апелляциялық соттың Наталья Соколоваға қатысты шешімін айыптады


"Қаражанбасмұнай" компаниясының кәсіподақ заңгері Наталья Соколова.
"Қаражанбасмұнай" компаниясының кәсіподақ заңгері Наталья Соколова.
Адам құқықтарын қорғайтын халықаралық Freedom House ("Фридом Хаус") ұйымы "Қаражанбасмұнай" компаниясының кәсіподақ заңгері Наталья Соколованың апелляциялық шағымын қанағаттандырмау туралы Маңғыстау облыстық сотының шешімін айыптады.

"Апелляциялық сот шешімінің саяси сипаты бар екені айқын. Сот бұл істе әділеттік орнату талпынысын көрсетпеді, керісінше, сот азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқықтарын мүлдем сыйламай отыр", - дейді "Фридом Хаустың" еуразиялық бағдарламасының басшысы Сьюзан Корк.

Тамыз айында Ақтау қалалық соты Наталья Соколованы «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырды. Қыркүйектің 26-сында Маңғыстау облыстық соты Соколованың апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

Батыс Қазақстанда мұнайшылардың ереуілі мамыр айынан бері жалғасып келеді. Олар жалақыларын көбейтуді және өз отбасы мүшелері мен белсенділерінің қудалануын тоқтатуды талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG