Accessibility links

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сирия туралы екі қарар жобасын талқылады


БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылап отыр. Нью-Йорк, 27 сәуір 2011 жыл.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сириядағы жағдайды талқылап отыр. Нью-Йорк, 27 сәуір 2011 жыл.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі сәрсенбі күні Сириядағы жағдайға байланысты екі қарар жобасын талқылады.

Ұлыбритания, Франция, Гремания мен Португалия әзірлеп ұсынған қарар жобасында егер Сирия билігі бейбіт халыққа қарсы әскери операцияларды тоқтатпаған жағдайда, онда президент Башар әл-Асадқа қарсы санкция қолданылуы мүмкін екендігі айтылған. Бұл жобаға АҚШ та қолдау танытып отыр.

Ал БҰҰ-дағы Ресейдің өкілі Виталий Чуркин ұсынған қарар жобасында президент Башар әл-Асадты жақтаушылар мен қарсыластарының зорлық-зомбылық әрекеттерге баруын айыптаған, бірақ санкция енгізу туралы сөз жоқ.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде вето қою құқығына ие Ресей мен Қытай мемлекеттері, сондай-ақ Үндістан, Оңтүстік Африка мен Бразилия Сирия үкіметіне қатысты санкция енгізуге қарсы болған еді.

БҰҰ деректері бойынша, Сирияда қазіргі билікке қарсы жаппай халық наразылығы басталған уақыттан бері үкімет күштерімен қақтығыстарда 2700-ден астам адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG