Accessibility links

АҚШ Сауд Арабиясындағы өз азаматтарына сақ болуды ескертті


Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласының көрінісі. (Көрнекі сурет)

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласының көрінісі. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың Сауд Арабиясындағы елшілігі осы елдегі америкалық азаматтарға қауіп барын ескертті.

Елшіліктің сайтында жарияланған мәлімдемеде, әлдебір террористік топтың Эр-Рияд қаласындағы батыс елдерінің азаматтарын ұрлап әкетуге дайындалып жатқаны туралы ақпарат түскені айтылған. АҚШ қазір Сауд Арабиясында жүрген өз азаматтарын сақ болуға шақырған.

Бұған дейін Сауд Арабиясының ішкі істер министрі ханзада Наиф бин Абдулазиз елде террорлық іс-әрекеттер қаупі барын ескертіп, экстремистік күштерге Иран қолдау көрсетіп отыруы мүмкін деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG